Қазақ отбасында ерекше белгімен дүниеге келген сәбиді «нышаналы бала» деп атаған. Мұндай балаға бір отбасы емес, бүкіл ел, тұтас қауым ерекше жанашырлық қатынаста болған. Осы ұлттық модель «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қоғамның ерекше балаларға толерантты қатынасын қалыптастырудың қазақстандық алғышарты ретінде ұсынылды. Оқу құралында жалпы білім беретін ұйымдарға қосылған ерекше білім қажеттігі бар оқушыларды мектеп кеңістігіне тарту стратегиялары сипатталды. Балаларды бір-бірінен айыратын кедергілерді барынша жою, оларға қатысты қамқорлық-сақтық тәртібі және психологиялық қолдау шарттары баяндалды. Оқу құралының мақсаты білім берудің жаңартылған мазмұны аясында инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері бойынша педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.

Book Details:

ISBN-13:

978-613-8-24380-9

ISBN-10:

6138243803

EAN:

9786138243809

Book language:

Kazakh

By (author) :

Махаббат Пернебаевна Оспанбаева

Number of pages:

212

Published on:

27.07.2018

Category:

Pedagogy