Қымыз – сүт қышқыл және спирттік ашу процестерінің негізінде бие сүтінен дайындалатын көшпенді халықтардың ұлттық сусыны Ашытқы саңырауқұлақтары – бір клеткалы қозғалмайтын және бактериялардан шамамен алғанда он еседен ірі микроорганизмдер. Ферменттер – организмдегі жүретін биологиялық реакцияларды тездетуші биологиялық катализаторлар. Аэрация – микроорганизмді оттегімен культивирлеу. Ашыту – микроорганиздер және ферменттің көмегімен қоректік ортаның заттарын жаңа заттарға айналдыратын күрделі биохимиялық процесс. Сахаромицеттер – бұларға мәдени ашытқы саңырауқұлақтар жатады. Олар бүршіктену және споралар түзу арқылы көбейеді. Катализатор - химиялық реакцияны жылдамдата отырып, өзгеріске ұшырамайтын заттарды айтамыз. Ферменттік активтілік –белгілі фермент бөлшегінің көмегімен нақты уақыт ішінде алынған субстрат шамасы. Флавиндік дегидрогеназа - сутегі атомын бөліп алу жолымен субстратты тотықтырады. Амилаза – спирт, сыра, шарап, нан, кондитер заттарын алуда қолданылады. Пектиназа – шарапты түссіздендіруде, жеміс секторын түссіздендіруде. Микробты протеза – сыра қайнатуда, қамырдың жетілуін тездетуде, ет сапасын жақсартуда қолданылады.
Book Details: |
|
ISBN-13: |
978-613-8-25197-2 |
ISBN-10: |
6138251970 |
EAN: |
9786138251972 |
Book language: |
Kazakh |
By (author) : |
Айгүл Оразбаева |
Number of pages: |
80 |
Published on: |
20.11.2018 |
Category: |
Biology |