€ 49,90
Монографияда ескі қыпшақ тіліне қатысты ескерткіштер корпусындағы лексикалық бірліктердің құрамы мен құрылымы тарихи лексикологиялық тұрғыдан қарастырылып, олардың қазақ тілімен ортақтық және сабақтастық ерекшеліктерін айқындау мәселесі сөз болады. Ортағасырлық ескі қыпшақ тілінің батыс тобына қатысты ескерткіштер тілі мен қазақ тілін өзара салыстыру арқылы фонетикалық құбылыстардың болу себептері, грамматикалық категориялардың табиғаты мен салыстырылып отырған тілдермен ара қатынасы: ортақтығы мен ерекшеліктері айқындалып, сөздердің лексикалық мағыналарының кеңею немесе тарылу құбылысы зерделенеді. Қазіргі түркология ғылымының жетістіктерін пайдалана отырып, ескерткіш тілінде қолданылған қосымшалардың мағынасы мен тұлғалық жағынан қазіргі қыпшақ тілдеріндегі сол тектес қосымшалардың грамматикалық қызметі анықталады. Монография филология фаультеттерінің студенттеріне, магис- транттар мен ізденушілерге, сонымен қатар тіл тарихына қызығушы көпшілік қауымға арналады.
Book Details: |
|
ISBN-13: |
978-613-9-41582-3 |
ISBN-10: |
6139415829 |
EAN: |
9786139415823 |
Book language: |
Kazakh |
By (author) : |
С. Р. Боранбаев |
Number of pages: |
104 |
Published on: |
13.08.2019 |
Category: |
Other languages / other literatures |