Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстандағы мемлекеттік тілді дамыту және қолдау нәтижелері қандай деңгейде екенін айқындайтын басты көрсеткіш – бұл шынайы қоғамдық орта, қоғамдық ортаның мүддесі мен рухани саналы көзқарасы. 1996 жылдан бастап қазақ тілінің жаңа (латын) әліпбиге көшу мәселесі қозғалып келеді. Әліпби ауыстырудан ұтатынымыз – ең біріншіден, қазақ тілі емлесінің төл жазылым нормасын қалыпқа келтіреміз. Жазу тарихымызда болған латын әліпбиінің артықшылықтарын ала отырып, латыннегізді әліпбиіндегі емле мұқият жасалса, жаңа әліпбиге көшу тез әрі оңай жүргізіледі. Монографияда қазақ жазуы тарихындағы латыннегізді әліпбидің қабылдануы, қолданылуы, емленің дайындалуы, осы әліпби негізінде алғашқы оқулықтардың құрастырылуы баяндалады. Сондай-ақ Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы латыннегізді әліпбиге көшу мәселелері, жаңа әліпби бойынша жасалатын орфографиялық ережелер құрастыруда назарға алатын ұсыныстар қамтылады.

Book Details:

ISBN-13:

978-613-8-24800-2

ISBN-10:

6138248007

EAN:

9786138248002

Book language:

Kazakh

By (author) :

Айгүл Әмірбекова

Number of pages:

76

Published on:

2019-04-04

Category:

Language and literature science