Салыстырмалы типологиялық әдіспен үнді-еуропа тілдерін зерттеу салғастырмалы тіл біліміндегі біршама жаңа бағыт болса, түркі және герман тілдерін салғастыра зерттеу – енді ғана дамып келе жатқан бағыт. Сондықтан түркі-герман, оның ішінде неміс тілін қазақ тілімен салғастыра зерттеуде шешімін таппаған мәселелер, міндеттер жеткілікті. Монография түркі-герман, оның ішінде неміс-қазақ тілдеріндегі көру етістіктерінің лексика-семантикалық өрісін танымдық тұрғыда салғастыра зерттеуге арналған. Ғылыми зерттеу жұмысы теориялық және қолданбалы бағытта жазылған. Монографияның теориялық бөлімінде тіл білімінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде танымдық теорияның қалыптасуы, даму бағыты талданып, семантикалық өрісті зерттеудің салыстырмалы және салғастырмалы аспектісі сипатталған. Зерттеу жұмысының практикалық бөлімінде аталмыш өрісті ұйымдастыратын лексика-семантикалық байланыс түрлері анықталып, олардың құрамы айқындалған. Екі тілдегі көру етістіктері, көру мәнді фразеологизмдер лексика-семантикалық және фразео-семантикалық топтарға бөлініп, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтары айқындалып, танымдық тұрғыда сипатталған.

Book Details:

ISBN-13:

978-620-0-62281-5

ISBN-10:

6200622817

EAN:

9786200622815

Book language:

Kazakh

By (author) :

Гулзира Кабаевна Кенжетаева

Number of pages:

268

Published on:

2021-05-11

Category:

Language and literature science