Цифрландыру - үдеріс ретінде адамзат өмірінің барлық аспектілеріне әсер ететін ақпараттық қоғамның айрықша белгісі болып табылады. Бұл әсіресе білім мен өзін-өзі тәрбиелеуге қатысты. Білім беру сапасын арттыру және жаңа білім беру технологияларының қажеттілігі білім беру үдерісін жетілдіру және сапалы ақпарат алу үшін жаңа ресурстарды пайдалану көзі болды. Мұндай дереккөз адамзаттың дәлелденген және сапалы ақпаратқа деген қажеттілігіне жауап беретін ашық білім беру ресурстары болып саналады. Бүгінгі таңда ашық білім беру ресурстары қоғамдық игілікке орналастырылған және оларды тегін пайдалануға құқық беретін білім беру, ғылыми ақпарат көздері ретінде қарастырылады. Бұл феноменнің негізгі мақсаттары - мүмкіндігінше көп адамдарға білімге қолжетімділікті ашу, сонымен қатар қазіргі білім беру жүйесінің келбетін өзгерту ниеті болып табылады. Бұл жұмыстың өзектілігі болашақ шетел тілі мұғалімдерінің цифрлық сауаттылығын арттыру, бір жағынан жоғары оқу орындарының оқу үдерісінде цифрлық технологияларды пайдалану, сонымен қатар бұл құбылыстың жеткіліксіз зерттелуімен негізделеді.

Book Details:

ISBN-13:

978-620-0-63368-2

ISBN-10:

6200633681

EAN:

9786200633682

Book language:

Kazakh

By (author) :

Азамат Раушангүл

Number of pages:

104

Published on:

2022-08-18

Category:

Education system