Халқымыздың ғасырлар бойғы тағдырын, ерлігі мен елдігін, ой – арманы мен мұң – мұқтажын бойына жинақтаған қаһармандық қыры мен сыры мол аса қымбат қазына. Этномәдени лексемаларды эпостық жырлардан қазақ халқының этникалық тарихы мен көркем ойлау ерекшеліктерінен, сонымен қатар рухани – мәдени интелектуалдық деңгейін де байқаймыз. Эпос – тарих жаңғырығы, ел естілігінің жарқын бір көрінісі. Оның көптеген үлгілерінен түрлі дәуір, қилы кезеңдерге тән танымдық ақпарат, эпикалық дәстүр шеңберінде жеткен тарихи – этникалық үрдіс көріністерінен ұлттық болмысты танытатын этномәдени концептілерді зерттеу өзге тілді аудиторияда оқытудың әдістемесі тұрғысынан зерттеу күн талабынан қалған жоқ. Ұлтттың болмысын этномәдени концепт атаулар арқылы танытуға болады дейтін болса, бұл орайда эпостанушы ғалымдар қаһармандық жырлардың екі түрлі қасиетін баса көрсетіп жүр: бірі – эстетикалық, екіншісі – әлеуметтік сипаты. Бізде осының алғашқы саласын әдістемелік зерттеу тұрғысынан басымдау қарастырамыз..Қазақ эпостану ғылымында батырлық жырлардың табиғатына байланысты зерттеулер, ғылыми ізденістер аз болған жоқ.

Book Details:

ISBN-13:

978-620-0-63805-2

ISBN-10:

6200638055

EAN:

9786200638052

Book language:

Kazakh

By (author) :

Т. Ж. Ұлықбекова
Г. Ж. Сейітова

Number of pages:

108

Published on:

2022-11-23

Category:

Other languages / other literatures