Қазіргі уақытта барлық деңгейдегі білім беру парадигмасы жаңартылуда. Жаңа кадрларды даярлауда білім беру бағдарламаларын жасақтауда деңгейлік жүйелерге көшіп, трансформация қарқынды күйде жүруде [1]. Бұл үрдістер арнайы білімге де әсер етуде. Педагог-дефектологтарды, соның ішінде болашақ логопедтерді кәсіби даярлау жүйесіндегі өзгерістер басым бағытта арнайы білім берумен байланысты. Арнайы білім беру – қазіргі заманның негізгі сын-қатерлеріне жауап береді: белгісіздік, күрделілік, әртүрлілік және жауапкершілік. 2017 жылы 8 маусымда «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасының №133 бұйрығымен «Педагогтың» кәсіби стандарты бекітілді. «Педагог» кәсіби стандарты білім бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде білім ұйымдары мен мекемелерінің қызметкерлерін оқытуға, білім ұйымдарының бітірушілері мен қызметкерлерін сертификаттауға арналған. Арнайы білім беру әлеуметтік-мәдени құндылыққа айналуда, алдына қойылған жаңа негізгі міндеттерінің бірі – әрбір баланың қажеттіліктеріне негізделген білім беру инклюзивті ортасын ұйымдастыру: қалыпты дамуы және нормадан ауытқуы бар (ерекше білімді қажет ететін балалар, дарынды балалар, екі тілді, т.б.)

Book Details:

ISBN-13:

978-620-0-63840-3

ISBN-10:

6200638403

EAN:

9786200638403

Book language:

Kazakh

By (author) :

В. С. Туребекова

Number of pages:

72

Published on:

2022-11-23

Category:

Pedagogy