Жұмыста тәңірлік дәуірдегі көк түріктер дүниетанымындағы «әлем» концептісі қарастырылады. Тіл – адамзат ой-санасының ғасырлық дамуының көрінісі. Автор жазба ескерткіштерді негізге алып, көне түріктер әлемді қалай таныды деген сұраққа жауап іздейді. Сақ-ғұн тарихында бүкіл жанды-жансыз табиғаттың иесі Күн деп саналған. Кейінгі заманында бұл наным-сенім өзгерген. Ұлы қағандар Күнді құрметтегенмен, Күнге, Айға біржола табынбаған. Бұл кезде құлшылық ететін құдірет – Тәңір болған. Тәңірлік дүниетаным – «құдайлық киелілік» ұғыммен байланысты болды. Ежелгі түркілердің нанымында Тәңір адамның, қоршаған ортаның «иесі» мен «киесі» саналды. Бұл сенім олардың Әлемді тануында, өздерінің тұрмыс-тіршілігі мен адамдық қарым-қатысын, қоршаған ортамен байланысын орнықтыруда ықпал жасаған. Тәңір – жаратылыс құбылысын, әлем түзілісін басқаратын, адамдарды өмірге ұмтылдыратын күш иесі. Тәңір мен әлемді біртұтас деп қабылдаған. Бұл сенім ежелгі түркілердің қандастық бірлігін нығайтты. Қуатты мемлекет құруына ықпал жасады. Ежелгі түркілердің дәстүр-салтында аруақты құрметтеу орныққанын «Білге қаған» жыры нақтылайды.

Book Details:

ISBN-13:

978-620-6-79419-6

ISBN-10:

6206794199

EAN:

9786206794196

Book language:

Kazakh

By (author) :

ҚҰЛБАРАҚ Сәмен Оразғалиұлы

Number of pages:

68

Published on:

2023-11-22

Category:

Language and literature science