Кітап Астанадағы келіссөздердің Сириядағы дағдарысты бейбіт жолмен реттеуге қосқан үлесін талдауға арналған. Жеті жыл бойы жалғасқан қақтығыстың барысы мен нәтижесі талданды. Осы мәселені бейбіт жолмен шешуге бағытталған талпыныстар Сириядағы алғашқы көше қақтығыстары басталған сәттен бастап жүзеге асырылды, алайда бұл мәселені шешуге бағытталған келіссөздердің барлығы сәтті болды деп айта алмаймыз. САР-дағы жеті жылға созылған қарулы қақтығыс ХХІ ғасырдағы ең үлкен гуманитарлық апатқа әкелді. Осыған байланысты, бұл жағдайды реттеуде Астана процессінің рөлін айқындау маңызды болып табылады. Астананың осы мәселені шешуге бағытталған келіссөздерге белсене қатысуы әлемнің жетекші сарапшыларымен жоғары бағаланды. Автор Сирия мәселесі бойынша барлық кездесулерді хронологиялық тәртіпте талдап, келіссөздердің негізгі жетістіктерін атап өтті. Кітапта Сириядағы қақтығыстың басталуының негізгі себептері келтіріліп, жанжалға тартылған әр елдің мүдделері мен ұстанымдарын түсіндіруге талпыныс жасалды.

Book Details:

ISBN-13:

978-613-8-24678-7

ISBN-10:

6138246780

EAN:

9786138246787

Book language:

Kazakh

By (author) :

Алтынай Каримова

Number of pages:

80

Published on:

27.08.2018

Category:

Comparative and international political science