«Годонимдер – көшелердің, жағалаулардың, орамдардың «куәлігі» іспеттес. Ол қоғам өмірінің оңтайлы қызметін реттеуші маңызды бағдар болып саналады», - Л.В.Егорова. Қаланың тілі – халық тілі мен мәдениетін зерттеудегі ең өзекті қырларының бірі. Қазақы қаланың келбеті – асқақ архитектурасы, сән-салтанаты ғана емес, ұлттық сипат беретін көше атаулары дер едік. Туған өлкенің тарихын білу өскелең ұрпақтың азаматтық ұстанымын, отансүйгіштік қасиетін, туып-өскен жерге деген құштарлық сезімін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Көкшетау өңірінің тарихы – Қазақстан тарихының ажырамас бөлігі, сол себепті еліміздің барлық кезеңдері мен маңызды оқиғалары қаламыздың келбетінен көрініс табады. Көкшетау қаласы годонимдерінің тарихын, ономастикалық әлеуетін, тілдік болмысын айқындау зерттеу жұмысының өзектілігін танытады.
Book Details: |
|
ISBN-13: |
978-613-8-25411-9 |
ISBN-10: |
6138254112 |
EAN: |
9786138254119 |
Book language: |
Kazakh |
Edited by: |
Мусин Лайс |
Number of pages: |
64 |
Published on: |
05.11.2018 |
Category: |
Other languages / other literatures |