GlobeEdit ( 2024-04-01 )
€ 87,90
Бұл кітап Қазақстанның батыс аймақтарындағы жер-су атауларының (топонимия) шығу, пайда болу жолдарын анықтауға, лингвистикалық ерекшеліктеріне талдаулар жасауға арналған. Екі мәселеге назар аударылды: Бірі – жер-су атаулары тұрған аймақ. Саяси жағдайларға байланысты, Ресеймен шекарасы бекітілген кезде қазақ халқы мекендеген жерлер көрші елге қаратылды. Қазір белгіленген шекараның екі бетінде де қазақ тіліндегі көптеген атаулар сақталған. Бұлардың біршамасы шекара сызығын кесіп өтіп жатқан нысандардың атаулары және екі бетіндегі басқа атаулар да қазақ тілінде болғандықтан, бұл атаулардың жиынтығы «трансшекаралық топонимдер» деген терминмен аталады. Екіншісі – топонимдердің этимологиялық негіздері туралы. Зерттеу барысында туыстас және туыс емес тілдердің материалдарына өзара салыстыра, салғастыра талдаулар жасалды. Кейбір топонимдердің этимологиясын бір тілдің аясында ғана ашу мүмкін емес, себебі тілдерді салыстыру аясы кеңейген сайын кейбір элементтер туыс, кейде туыс емес тілдердің құрамында да кездесіп отырды. Сөздікте гидронимдер мен жайлау, қыстау, жыра, өзек т.б. жалқы атаулары секілді оронимдерге талдаулар жасалды.
Book Details: |
|
ISBN-13: |
978-620-6-79819-4 |
ISBN-10: |
6206798194 |
EAN: |
9786206798194 |
Book language: |
Kazakh |
By (author) : |
Райхан Досжан |
Number of pages: |
328 |
Published on: |
2024-04-01 |
Category: |
General and comparative linguistics |