Физика-математика пәндері қатарына жататын теориялық механика пәні көптеген салаларда инженер мамандар дайындауда елеулі үлес қосады. Материалдар кедергісі, құрылыс механикасы, гидравлика, тетік машина және теориясы, қолданбалы механика, т.б. теориялық механиканың заңдары мен принциптеріне сүйенеді. Теориялық механиканың заңдары мен принциптері арқылы көптеген инженерлік есептер шешіледі, жаңа машиналар, құрылмалар мен құрылыстар жобаланып іске асады. Теориялық механика пәнін жеткілікті дәрежеде меңгеру үшін теориялық материалды жақсы ұққан жөн. Осын орай, оқу құралында оқу бағдарламасына сай дәрістер курсы келтерілгген. Оқу құралындағы есептерді шығару үшін теориялық материалдар толықтай енгізілген.Сондай-ақ, формуламен анықтамалар, механикалық шамалардың өлшем бірліктерінің арасындағы байланыстар, анық, нақты көрсетілген. Суретпенен дәлелденіп түсініктемелері жасақталған. Сонымен қатар, студент теориялық механиканың негізгі тақырыптарын пайдалана отырып, семестірлік жұмыстарды да орындай алады. Ұсынылып отырған «Теориялық механика» пәнінен дәрістер курсы атты оқу құралы техникалық жоғары оқу орындарының қазақ бөлімдерінде оқитын студенттерге арналған.
Book Details: |
|
ISBN-13: |
978-620-6-79955-9 |
ISBN-10: |
6206799557 |
EAN: |
9786206799559 |
Book language: |
Kazakh |
By (author) : |
М. Қ. Оразғалиева |
Number of pages: |
112 |
Published on: |
2024-06-27 |
Category: |
Mechanical engineering, manufacturing technology |