Қазіргі уақытта ашытылған алкогольсіз сусындар өндірісі перспективалы сала болып табылады. Оның ішінде көп тарағаны - квас сусындары. Квас өндірісінің ассортиментін кеңейтудің заманауи тенденциясы өнімдердің жаңа физика-химиялық, органолептикалық және физиологиялық қасиеттерін қалыптастыру үшін дәстүрлі емес өсімдік шикізатын қолдана отырып, сыраның арнайы сорттарын шығару болып табылады.Квас өндірісінде дәстүрлі емес шикізатты, оның ішінде қарақұмықты қолдану маңызды, оны квас технологиясына енгізу өнім түрлерін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді. Қарақұмықтың квас технологиясында қолдану перспективаларын анықтайтын айрықша ерекшелігі оның химиялық құрамы болып табылады. Ол витаминдерге бай және флавоноидтардың жоғары концентрациясына байланысты антиоксиданттардың маңызды көзі болып саналады.Бұл зерттеудің мақсаты - қара бидай және қарақұмық уыты негізінде функционалды мақсаттағы квас өндіру мүмкіндігін зерттеу болып табылады.Рецептура жасау және олардың органолептикалық және физика-химиялық сипаттамаларын зерттеу жұмыстарын жасау негізге алынды.
A könyv részletei: |
|
ISBN-13: |
978-3-639-73064-7 |
ISBN-10: |
363973064X |
EAN: |
9783639730647 |
A könyv nyelve: |
Kazakh |
Szerezte: |
Максимова Аяулым Маратқызы |
Az oldalak száma: |
80 |
A megjelenés napja: |
06.04.2022 |
Kategória: |
Technológia |