Бұл зерттеу жұмысы пациенттермен жұмыс жасау барысында медицина қызметкерлерінің алатын сәулелену дозасы мәселесін зерттейді. Жұмыстың мақсаты әртүрлі кәсіби жағдайларда медициналық персоналдың радиациялық жүктеме деңгейін анықтау болып табылады. Зерттеуде дозиметрия әдістері, сондай-ақ сәулелену көздерін пайдалану арқылы диагностикалық және емдік процедуралар жүргізілетін әртүрлі медициналық мекемелерден алынған мәліметтер қолданылды.Зерттеу нәтижелері персоналдға әсер ету деңгейі орындалатын процедуралардың түріне, қолданылатын жабдыққа және радиациялық қауіпсіздік шараларының сақталуына байланысты өзгеретінін көрсетті. Мәліметтерді талдау, сәулелену дозасын барынша азайту, сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарын міндетті түрде пайдалану үшін жұмыс процестерін үнемі бақылау және оңтайландыру қажет деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.Сондай-ақ жұмыста медициналық қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетін радиациялық әсерді азайтуға бағытталған еңбек жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстар берілген. Бұл ұсыныстар денсаулық сақтау мекемелеріндегі радиациялық қауіпсіздіктің жаңа стандарттары мен хаттамаларын әзірлеуде пайдалы болуы мүмкін.
Book Details: |
|
ISBN-13: |
978-3-639-73441-6 |
ISBN-10: |
3639734416 |
EAN: |
9783639734416 |
Book language: |
Kazakh |
By (author) : |
Мұхит Қайсар Кенжеғалиұлы |
Number of pages: |
72 |
Published on: |
08.08.2024 |
Category: |
Medicine |